Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Официальный интернет-ресурс
«Педагог-психологтердің Soft skills құзіреттілігін дамыту» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

«Педагог-психологтердің Soft skills құзіреттілігін дамыту» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

“Түркістан облысының психологиялық қолдау орталығы” КММ- нің ұйымдастыруымен Отырар ауданы Ө. Жәнібеков атындаты лицей-интернатында «Педагог-психологтердің Soft skills құзіреттілігін дамыту» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Бұл маңызды семинарға өңіріндегі балабақша, колледж және мектеп психологтері қатысты. Семинарды мектеп директоры Е. Серікбаев пен Түркістан облысы білім басқармасы психологиялық жұмыс бөлімінің басшысы Н. Жунисова әріптестеріне сәттілік айтып, тілек білдірді. Семинар барысында қатысушылар психологиялық дағдыларды дамытуға арналған түрлі теориялык және практикалық әдістермен танысып, өзара тәжірибе алмасып, бір-біріне қолдау көрсетті.

Мақсаты - педагог-психологтердің кәсіби біліктілігін арттырып, заманауи білім беру жүйесінде тиімді жұмыс істеуге қажетті дағдыларды меңгеру.

Қатысушылар өздерінің коммуникативтік қабілеттері мен эмоционалдық интеллектін нығайту, стресстік жағдайларды басқару, командамен жұмыс істей білу сияқты маңызды soft skills дағдыларын жетілдірді. Сонымен қатар мектеп психологтары Д. Масанова мен Г. Адырбекова психологтер педагогикалық салада тиімді жұмыс жасау үшін қажетті жаңа білімдер мен дағдыларды меңгеріп, балалармен және әріптестермен қарым-қатынасын жақсарту жолдарына қатысты тың идеялар берді.

Бұл семинар тренинг білім беру жүйесіндегі психология саласынын дамуына

оң ықпал етіп, әрбір қатысушыға өз жұмысында пайдасы тиетін құнды дағдыларды меңгеруге мүмкіндік берді.