Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернатының педагог-логопед маманы Тұргынбай Айдана <<Бастауыш-білім бастауы>> атты бастауыш сыныптардағы айлық іс-шарасында 1 сынып оқушыларымен “Танымдық қабілеттерді дамыту жаттығулары” тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабаққа оқушылар өте белсенді қатысты. МАҚСАТЫ:Оқушылардың есте сақтау,зейін,ойлау,қиял және қабылдау қабілеттерін дамыту.Оқушыларға әрқашан адамға білім қажет екендігін түсіндіру, қоршаған ортада да білімсіз жүру мүмкін еместігіне көз жеткізе білу, тренинг арқылы білімдерін жинақтау.
ӘДІС-ТӘСІЛДЕР:
Жылулық шеңбері
‘Төрт құбылыс’ ойыны
Ермексазбен жұмыс
Құм терапиясы
Сергіту сәті
Артикуляциялық жаттығу
‘Біз ақылды баламыз’ логоритмика
‘Құпия дәм’ойыны