Түркістан облысы Отырар ауданы Өзбекәлі Жәнібеков атындағы #4 лицей интернатында тәрбиешісі Шерманова Қарлығаштың ұйымдастыруымен 4"ә"сыныбында "Отбасым-менің мерейім"атты ашық тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты: Халқымыздың тәлім тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен берілетіндігін өзіндік ұлттық құндылықтарымызды балалардың бойына дарыта отырып отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайрымдылық қарым-қатынасты қалыптастыру.
Ашық сабақ барысында оқушылар "Бақыт отбасында" тақырыбында сахналық қойылым қойды және өлең, тақпақтар айтылды. Оқушылар "Менің отбасым" жайлы өз пікірлерін білдірді. Ата-аналар мен оқушылар арасында сұрақ-жауап арқылы пікір алмасты.
Іс-шара соңында ата-аналар мен оқушылар бірге "Бақытты отбасы" үйінің моделін жасады.
Оқушылар отбасындағы басты құндылықтарды бойына сіңірді. Ашық сабақ өз мақсатына жетті.
Отбасы-адам үшін ең жақын әлеуметтік орта!