Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Официальный интернет-ресурс
«Оқуға оқуға құштар мектеп»

«Оқуға оқуға құштар мектеп»

«Оқуға оқуға құштар мектеп»

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы №4 лицей интернат кітапханасында « Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында 8 ә сыныптарының қатысуымен ақын

«Т.Молдағалиев 90-жаста!» атты жыр кеші өткізілді.

Мақсаты: Т.Молдағалиевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, сыршыл да шыншыл ақын өлеңдерінің мәні мен маңызына үңілдіру, рухани танымын кеңейту.

Құндылығы: Тәуелсіздік және Отаншылдық

Қатысушылар Тұманбай Молдағалиевтің ұлттық поэзияны әлемдік деңгейге көтерген шығармашылық ерекшеліктеріне тоқталып, оның өлеңдерінен үзінділер оқыды. Әдебиетіміздің алтын қазынасына айналған шығармалары туралы пікірлерімен бөлісіп, артынан ақынның сөздеріне жазылған «Құстар қайтып барады» әнін жанды дауыста хормен орындады.

Ұйымдастырғандар: Г.Нұрмаш,Ж.Қожанова