«Оқуға құштар мектеп»
Біртұтас тәрбие бағдарламасы, «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында, 6 «г» сынып оқушыларының қатысуымен «Республикам менің!» атты тақырыпта тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларды туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету. Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту.
Республикам менің!»
Республика күні ұлттық мереке болып алғаш рет 1995 жылы қазанда жарияланды. 2001 жылы республика күні ұлттық мереке мәртебесін жоғалтып, мемлекеттік мерекелер санатына ауыстырылды. 2009 жылы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы «Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» Заңға қол қойылды, оған сәйкес елде Республика күнін мерекелеу тоқтатылды, ал 25 қазан жұмыс күні болды.
Мерекенің қайта жандануы
2022 жылдың 16 шілдесінде өткен Ұлттық құрылтайда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық мереке мәртебесін Республика күніне қайтаруды ұсынды.
. Құжатқа сәйкес, Республика күні, яғни 25 қазан – ұлттық мерекеге, ал Тәуелсіздік күні, яғни 16 желтоқсан мемлекеттік мерекеге айналды.Оқушылар патриоттық тақпақтар, әндер айтып белсенділік танытты
Ұйымдастырушылар: Кітапханашы Г.Нұрмаш,Ұ.Сарманов Ж.Әуелбекова ,Тәлімгер А.Байболова