Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Официальный интернет-ресурс

"Оқитын сынып" «Мәңгі өшпес жарық жұлдыз!»

"Оқитын сынып"

«Мәңгі өшпес жарық жұлдыз!»

15.12.2025ж Адал азамат,біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында"Оқитын сынып" жобасы іске асыру мақсатында, Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей интернат кітапханасының ұйымдастыруымен 6а сынып оқушыларының қатысуымен «Мәңгі өшпес жарық жұлдыз» атты Шоқан Уалихановтың 190-жылдығына арнап, тақырыптық көрме жасалынып, танымдық сағаты өткізілді.Кіріспе сөзбен бастап, оқушылар Шоқан Уалихановтың жасаған саяхаттарын,еңбектерін,үзінділер оқып беріп белсенділік танытты. Біз мұғалімдер мен ата-аналардың бірлескен күш-жігері ғана оқушылардың көркем және көркем емес әдебиеттерді оқуға деген қызығушылығын арттыруға көмектесетініне сенімдіміз.!