Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Официальный интернет-ресурс

Наурызнама күнделігі аясында ұлттық ойындармен өрілген сергіту сәті жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Наурызнама күнделігі аясында ұлттық ойындармен өрілген сергіту сәті жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Іс-шараға 200 оқушы белсене қатысып, қазақтың байырғы дәстүрлі ойындары – арқан тарту, тоғызқұмалақ, ләңгі тебу және асық ату бойынша өз бақтарын сынады.

Оқушылар топтарға бөлініп, арқан тартуда күш пен бірлікті, тоғызқұмалақта зеректік пен ой ұшқырлығын, ләңгі тебуде ептілік пен шапшаңдықты, ал асық ойнауда дәлдік пен мергендікті көрсете білді. Әр ойын балалардың көңіл-күйін көтеріп, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттырды.

Сергіту сәті барысында оқушылар достық пен ұйымшылдықты нығайтып, салт-дәстүрімізді дәріптеудің маңызын терең сезінді. Наурыз мерекесінің рухына сай өткен бұл шара жас ұрпаққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ұлттық ойындардың тәрбиелік мәнін айқындай түсті.