«Наурыз – құт, береке бастауы!»
Тәрбие сағатының мақсаты:
Оқушыларға Наурыз мерекесінің мәні мен маңызын түсіндіру;
Қазақ халқының салт-дәстүрлерін дәріптеу;
Бірлікке, татулыққа, достыққа тәрбиелеу.
Құндылық
Тәуелсіздік және отаншылдық
Дәстүрлерді сақтау және құрметтеу.
Әдіс-тәсілі:
Сұрақ-жауап, сахналық көрініс,музыкалық бөлім.
Көрнекілік
Наурыз туралы суреттер, ұлттық ою-өрнектер, дастарқан үлгісі, киіз үй макеті, наурыз көже, слайд.
Апта дәйексөзі: «Ар-намыс қана тәуелсіздікке тірек бола алады»
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды шаттық шеңберіне тұрғызып, бір-біріне жақсы тілек айту.
Тәрбиешінің кіріспе сөзі:
«Наурыз – құт, береке бастауы!»
- Балалар, Наурыз – жаңа жылдың бастауы, көктем мен жаңарудың мерекесі. Бұл күні табиғат жанданып, адамдар бір-біріне ақ тілектерін айтып, қуанышты бөліседі. Ендеше, осы мерекені бірге қарсы алайық!
Құрметті ұстаздар, ата-аналар және сүйікті оқушылар!
Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Наурыз – бұл көктемнің, жаңарудың, береке мен бірліктің мерекесі. Бұл күні табиғат оянып, күн мен түн теңесіп, жаңа өмір басталады. Қазақ халқы үшін Наурыз – татулық пен достықтың, ізгілік пен мейірімділіктің символы.
Бүгінгі күні әр шаңыраққа құт-береке, молшылық, ырыс-несібе тілеймін! Жүректеріңіз мейірімге, үйлеріңіз шаттыққа толы болсын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Тәрбиешісі; Төкеш Роза