Түркістан облысы, Отырар ауданы, Ө. Жәнібеков атындағы √4 лицей - интернат базасында 29 сәуір 2025 ж күні «Таңдау құқығы» ұйымының ұйымдастыруымен «Менің өмірім – менің мүмкіндіктерім» жоба бастамасы бойыншы 9-11 сынып оқушыларының білім алу мүмкіндіктерін арттыруға және көшбасшылық қабілеттерін дамытуға бағытталған. Ол қазақстандық және халықаралық білім гранттарын, сондай-ақ өзін-өзі дамытудың басқа мүмкіндіктерін ілгерілетуді қамту мақсатында кездесу кеші болып өтті. Кездесуде болған спикерлер:
1. Ерасыл Төлебаев - «Болашақ» бағдарлама түлегі, тақырып : ОҚУ ГРАТТАРЫ мен МҮМКІНДІКТЕРІ жөнінде айтылды
Келген әр спикер өзін таныстырып өз шеберлік сабақтарына шақырып балалар таңдаулары бойынша топтарға бөлініп сабақтарына қатысты.
a. Экотуризм – Эллада Алавердиян спикер, туризмге байланысты тақырып
b. Дизайн - Нургуль Хамитова
c. Шығармашылық және қолөнер – Моник Хаенен, мастер - класс керамикалық бұйымдарды бояуға балаларды баулу сабағын өтті
d. Бизнес және кәсіпкерлік - Карлыгаш Байбаченова, 4 мебель фабрикасының иесі, бизнес өкілі
e. Маркетинг СММ - Луиза Мальсагова, фото видео түсіру, монтаждау, әлеуметтік желімен қалай жұмыс жасау керектігін түсіндірді
f. Қаржылық сауаттылық - Динара Салханова, қаржына қалай басқару керектігі бойынша кездесу
g. Музыка - Мадина Бекмадиева (виолончель / скрипка) , Ботагоз Калиева виолончель / скрипка), Алия Кельдыбаева (продюссер) – музыка саласы туралы мастер класстар өткізіп мектебіміздің 9 сынып оқушысы Рысқұлбек Жамиләны Түркістан қаласында өтетін қорытынды гала концертте ән шырқауға шақырды.