Бүгін Түркістан облысы Кентау қаласында "Мектептегі математикалық білім беруді: қазіргі жайы мен даму болашағы" тақырыбында математика пәні мұғалім-дерінің облыстық ІІ съезі болды. Бұл съезге облыстық білім беруді дамыту ор-талығының директоры Төлімбет Бақытжан Нұрмаханбетұлы және математика саласына үлкен үлес қосқан, педагогика ғылымдарының кандидаттары мен әдіскерлері қатысты. Тақырыпқа байланысты барлық мәселелер қаралып, ұсыныс айтылды. Сонымен қатар 2024-2025 оқу жылында математика пәні бойыншы ауыл мектептерінен арналған республикалық пәндік олимпиаданың қола жүлде иегері Өзбекәлі Жәнібеков мектебінің оқушысы Бектас Інжу сөз сөйлеп, олимпиадаға дайындық барысында қолдау мен сенім білдірген және үлкен сияпат жасаған Отырар аудандық білім бөлімі басшысы Қ.Шербаевқа, Ерғали Қазыханұлына, әдіскеріне және мектеп әкімшілігіне алғысын білдірді. Облыстық білім беруді дамыту орталығының басшысы Бақытжан мырза Бектас Інжуге жеке құттықтауын білдіріп, Қ.А.Яссауи университетіне квота берілетінін атап өтті. Жетекшісі Арайлым Мылтыкбаеваға мадақтама берілді.
Новости
