Мектеп бітірушілеріне табысты нәтижеге жетуге психологиялық дайындық
Мектеп түлектерінің табысты нәтижеге жетуіне психологиялық дайындықтарын арттыруда тренинг ұйымдастырылып өтілді. Тренинг барысында оқушылар өз-өзіне сенімділікті арттыру, стрессті басқару және емтиханға тиімді дайындалу жолдарын меңгерді. Ойындар, жаттығулар және мотивациялық әдістер арқылы олар өз қорқыныштарын жеңіп, болашаққа деген сенімділіктерін нығайтты. Тренинг нәтижесінде:
- Оқушылар өздерінің күшті жақтарын анықтады
- Емтихан алдындағы үрей мен қобалжуды төмендету әдістерін үйренді
• Дұрыс мақсат қою және мотивацияны арттыру бойынша тәжірибе алды