Мектебімізде оқушылар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Отырар аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Нышанбаев Берік Пернебайұлының қатысуымен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында Берік Пернебайұлы жасөспірімдер арасында кездесетін құқық бұзушылықтардың алдын алу, заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті құрметтеу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар оқушыларға буллингтің, зиянды әдеттердің және заңға қайшы әрекеттердің салдары жөнінде кеңінен айтып өтті.
Іс-шара барысында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, құқықтық кеңестер алды. Кездесудің негізгі мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу және қоғамда тәртіпті сақтаудың маңыздылығын түсіндіру болды.
Мұндай тағылымды кездесулер оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және құқық бұзушылықтың алдын алуға үлкен ықпал етеді.





