Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Официальный интернет-ресурс

Мектебімізде 2026 жылғы 23 қаңтар күні «Менің әкем – полиция қызметкері» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды.

Мектебімізде 2026 жылғы 23 қаңтар күні «Менің әкем – полиция қызметкері» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды.

Сурет көрмесінің мақсаты – мектепалды жастағы балаларды патриоттық рухта тәрбиелеу, отбасы құндылықтарын құрметтеуге баулу, «Менің әкем – полиция қызметкері» тақырыбы арқылы үлкендердің еңбегін қадірлеуге үйрету, сондай-ақ балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және бейнелеу өнері арқылы өз ойын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру.

Көрмеге мектебіміздің мектепалды сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай салған суреттері ұсынылды. Жұмыстарда балалардың еркін ойы, тақырыпты қабылдауы және көркемдік көзқарасы айқын көрініс тапты.

Нәтижесінде көрме мақсатына сай, мазмұны терең әрі көркем салынған Кенжехан Томиристің суреті үздік деп танылды.