Ө.Жәнібеков атындағы № 4 лицей-интернатында 2024-2025оқу жылының қараша айының 20.11.2024 ж. күні «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында «Мамандықтар әлемі» тақырыбында мамандық таңдау кеші өткізілді
Мектеп бітіруші түлектерімізге кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында аудандағы түрлі мекемелер мен бөлімдерден мамандар және жеке кәсіпкерлерден шақырылып өз салалары бойынша оқушылармен пікір сайыс, сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Мынау көп салалы өмірде мамандықтардың түрі көп. Әрине, таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы адам еңбекке қабілетті, зейінді болу керек. Кез-келген саналы баланы «Мен болашақта қандай мамандықты таңдасам екен?» немесе «Таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін?» деген ойлар мазалайтыны анық. Мамандықты таңдау үшін адам, ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз - өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?»- деген сұрақ қойып, соған жауап іздеуі қажет. Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, мамандығын дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышы таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс – табыс биігіне жеткізетін қанат.
Кешіміздің қадірлі қонағы болып, бітіруші түлектерге мамандық таңдаудың маңыздылығы туралы ой бөліскен мамандар: Жамбыл атындағы мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі – Көшерова Қалдыкүл, Отырар аудандық орталық емханасының дерматолог дәрігері – Сәрсенбаев Абзал, Түркістан-Қызылорда обылыстары бойынша өңіраралық заң консультанты –Әбдіразахов Шынболат Ержанұлы, «Шалқыған Шәуілдір» инстаграм парақшасының әкімшісі, мобилограф – Тәменов Жасұлан, Отырар аудандық жарық бөлімінің инспекторы – Үркінбай Нұрланбек, Түркістан обылысы нотариаттық округының нотариусы – Жұмаханұлы Еркеғали, Отырар ауданының мал дәрігерлік бөлімі МКК-нің маманы – Айтөреев Мади.
Мамандық таңдау кешін қорытындылаған мектеп директоры Ерғали Қазыханұлы кешке келген мамандарға уақыт бөліп келгені үшін, мектеп бітіруші түлектермен ой бөлісіп, кеңескендері үшін алғысын білдірді. Өз мамандығы тұрғысында да оқушыларға баяндай келе, білім мен еңбекті ұштастыра білетін, мақсатына берік азаматтың нағыз жетістікке жететінін айтты. Мектеп бітіруші түлектер өз армандарын, мақсаттарын тағы бір пысықтап, нақтылады деп сенеміз. Оқушыларымызбен ой бөлісіп, алтын уақытын арнап келген мамандық иелеріне біз де ұжым атынан алғысымызды білдіреміз!