“Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернат”КММ-де 20.05.2026 жыл «Адал ата-ана – Қауіпсіз балалық шақ» тақырыбында саябақтар мен сауда орталықтарында профилактикалық акция өткізілді.Ата-аналарға оқушылардың өмір қауіпсіздігін сақтау және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында жалпы қауіпсіздік тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ата-аналарға оқушылардың қауіпсіздік ережелерін сақтау маңыздылығы кеңінен түсіндіріліп, арнайы дайындалған жадынамалар тарқатылды.
Жадынамада жолда жүру қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі, судағы қауіпсіздік, интернеттегі қауіпсіздік, сондай-ақ жазғы демалыс кезіндегі сақтық шаралары туралы маңызды ақпараттар қамтылды. Оқушылардың түрлі қауіпті жағдайларда дұрыс әрекет ету жолдары түсіндіріліп, өз өмірі мен айналасындағы адамдардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау қажеттігі айтылды.
Мұндай шаралардың басты мақсаты – оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, сақтық дағдыларын арттыру және төтенше жағдайлардың алдын алу болып табылады.





