Ұлттық бірыңғай тестілеу алдындағы оқушыларды қолдау, олардың күйзелісін азайту және оқу процесін жетілдіру мәселелері аясында 11 сынып ата - аналарымен жиын болып өтті. Жиында лицей - интернат директоры Е.Серікбаев әр баланың әлеуетін толық ашуына жағдай жасауда бірлесіп жұмыс атқарылуда екені айтылды. Сонымен қатар директордың оқу ісі жөнінде орынбасары А.Салықбай қаңтар айындағы ақылы тесттің қорытындысын ата - аналарға таныстырды. Мектеп педагог - психологы Д.Масанова «ҰБТ қарсаңында оқушыларды қолдайық!» тақырыбында ата - аналарға психологиялық кеңес беріп, сынақ алдындағы күйзелісті жеңілдету, баламен ашық сөйлесу, тыныс алу және стресс деңгейін төмендету, сондай-ақ дұрыс күн тәртібі мен тамақтану мәселелері бойынша практикалық кеңестер берді. Сонымен қатар, тренинг барысында «Қолдау көпірі» практикалық жаттығуы ойнатылып, ата-аналар өзара қолдау көрсету мен сенімді қарым-қатынас орнатудың маңыздылығын түсіндірді.
Новости
