«Ө. Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты» КММ
2026 жылғы 05–30 қаңтар аралығында «Шежіре» тарих, құқық негіздері пәндері әдістемелік бірлестігінің жоспарына сәйкес «Тарих сабақтарындағы ЖИ: жаңа формат, жаңа көзқарас» тақырыбында пәндік айлық іс-шара аясында 8 «Б» сыныбында Дүниежүзі тарихы пәнінен «Әлем елдері «Ұлы дағдарыстан қалай шықты?» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Ашық сабақтың мақсаты:
- 1930 жылдардағы құрылымдық экономикалық дағдарыстың нәтижесінде экономикада орын алған өзгерістерді анықтау.
- Фактілерді, процестер мен оқиғаларды салыстыру арқылы дүниежүзілік экономикалық дағдарырыстан шығудың түрлі жолдарын түсіндіру (Жапония, Франция, Германия)
Сабақ барысында заманауи оқыту әдістері, интерактивті тапсырмалар және цифрлық білім беру ресурстары, атап айтқанда Wordwall, Pankquiz, Zerek платформалары қолданылды. Топқа біріктіру жұмысы Flippity платформасы арқылы жүзеге асырылды. Оқушылар тарихи деректермен жұмыс жасап, өз ойларын дәлелді түрде жеткізді, оқиғаға сыни тұрғыдан баға берді.
Ашық сабақ әдістемелік тұрғыда жоғары деңгейде ұйымдастырылып, пәндік айлықтың мазмұны мен мақсаттарына толық сәйкес өтті. Қойылған мақсаттар толық орындалды.





