Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Официальный интернет-ресурс

"Кім жылдам" әдісі арқылы топтық жұмыс

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаттың бастуыш сынып мұғалімі Әжіханова Айнагүл 2026 жылдың 4 наурыз күні қазақ тілі пәнінен ашық сабақ өтті. Сабақтың тақырыбы: "Зат есімнің жекеше, көпше түрі 45-48 жаттығулар," Оқыту мақсаты: 2.2.3.1 Зат есімнің жекеше, көпше түрін ажырату, көпше түрдің жасалу жолдарын меңгерту; 2.4.2.2 көптік жалғауларын дұрыс қолдану. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңінде оқушыларға жағымды көңіл күй қалыптастыра білді. Оқушылар "Парашют" әдісі арқылы топқа бөлінді. "Қоржын" әдісі арқылы өткен сабақты қорытындылады. Миға шабуыл: "Алтын сандық" әдісі арқылы жаңа тақырыпты ашты.Жаңа сабақта ЖИ платформасын қоладан отырып қысқаша мәлімет берді."Менімен бірге қайтала" сергіту сәті жасалды. "Кім жылдам" әдісі арқылы топтық жұмыс, "Планшет" әдісі арқылы жеке жұмыс жүргізілді. "Білім қақпасы" арқылы сабақты қорытындылады. "Білім кілті әдісі арқылы кері байланыс жасалды.