«ХХІ ғасыр көшбасшысы»
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты базасында Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ІТ - механика (физика,математика,информатика) пәндері бірлестігінің айлық іс-шарасы аясында физика пәнінің мұғалімі Пәзілбеков Ғалымжанның ұйымдастыруымен 10-сыныптың озат оқушылары арасында біліммен мыңды жығатын мықтылар додасы «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысы өтті.
Мақсаты: Дарынды жастарды қолдауға үлес қосу.