Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Официальный интернет-ресурс
«Химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі» филиалы мұғалімдерімен бірлескен әдістемелік күн өткізілді.

«Химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі» филиалы мұғалімдерімен бірлескен әдістемелік күн өткізілді.

«Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты» КММ-де «Сабақтағы критериалды бағалауды ұйымдастыру» тақырыбында Түркістан қаласы «Химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі» филиалы мұғалімдерімен бірлескен әдістемелік күн өткізілді. Бағдарлама аясында түрлі пәндерден ашық сабақтар,пайдалы тақырыптарда семинар/тренингтер ұйымдастырылды.

Бақыланған сабақтарға кері байланыс жасау үстінде жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасы, педагогтер мен білім алушылар үшін нәтиже бере алған және де әлі де жетілдіруді қажет ететін тұстары туралы пікірлер, әдістемелік қолдау мақсатындағы ұсынымдар тыңдалды.

Бірлескен жұмыстарды іске асыруда алдағы уақытта да қажеттілікке байланысты жоспарлы жұмыстарды жалғастыруға ұсыныстар айтылып, тың идеялармен қорытындыланды.