Түркістан тоблысы, Отырар ауданы "Ө. Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернатта "Біртұтас тәрбие " бағдарламасы аясында халықаралық мәдениет күніне орай әлемнің түрлі халықтарының мәдениеттерін, тілдерін, өнерін, әдет-ғұрыптарын және салт-дәстүрлерін білу арқылы өзара түсіністік пен сыйластықты арттыру мақсатында "Халықаралық мәдениет күні" тақырыбында тәрбиелік іс - шара өтілді. Оқушылар түрлі халықтардың ән-биін орындап, киім үлгісі мен тағамдары туралы құнды мәліметтер беріп өтті. Бұл іс-шара тек қана әр ұлттың мәдениетіне құрмет көрсету емес, сонымен қатар достық пен бірліктің белгісі болып табылады.
Новости
