Халқымыздың әдет-ғұрпы,салт -дәстүрі -ұлттың жаны,айбыны, рухани байлығы , халық мұрасы. Әр дәстүрде-ата- бабаның өмір тәжірибесі,ұлт болмысы,ұлағаты мен өнегесі, халық жүрегінің үні жатқаны ақиқат.Дәстүр жалғасқанда ғана ұлттық рухы биік,елдің іргесі берік болады. Осыны насихаттаған іс-шара Ө.Жәнібеков атындағы лицей -интернатта тәрбиешілер айлығына орай 7 "В' сынып оқушыларының ұйымдастыруымен өтті.Ұйымдастарушылар: Ауелбекова Жанат, Дүйсебай Нұрсұлу. Іс-шараны жүргізушілер Сезім мен Дәуір әдет -ғұрып,салт -дәстүр туралы түсінік беріп,іс-шара мақсатымен таныстырды .Сынып оқушылары топтасып,шолулар жасады,көріністерімен сомдады.Әлихан "Қазағым-ай' әнімен,биші қыздар ұлттық биімен, Гаухартас күмбірлеген күйімен іс -шараны көркемдеді.Іс-шараның тәрбиелік мәнінің зор болғаны-ата-аналардың қатысып,баланың алғашқы қадамына ақ тілегін Әйгерім ананың "Тұсаукесер"рәсімін көрсетуі,қазыналы қарт Мырзахан атаның ізгілік пен ақ ниеттің белгісі -бата беруі. Ұлағаты мен өнегесін көрсеткен ата -аналарға,жүргізушілерге өнерлі шәкірттерге алғыс айтылды.





