Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Официальный интернет-ресурс

Кез келген түтін, жалын немесе күдікті жағдайды байқасаңыз, дереу " 101" немесе " 112" нөмерлеріне хабарласыңыз.

Бүгін Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интенатында " Өрт қауіпсіздігін сақтайық" тақырыбында ұжым мүшелері мен оқушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жылыту маусымының басталуына байланысты тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау -әрбіріміздің міндетіміз. Улы газбен улану қаупінің алдын алу үшін үй пештерінің, мұржалардың және жылыту құрылғыларының тазалығын уақтылы тексеріп, дұрыс жұмыс істеуін үнемі бақылауда ұстау керек. Электр құралдарын қолданғанда да техника қауіпсіздігі ережелерін сақтаған жөн. Балаларымыздың және жақындарымыздың амандығы үшін әр үй өз қауіпсіздігіне мұқият қарауы қажет. Кез келген түтін, жалын немесе күдікті жағдайды байқасаңыз, дереу " 101" немесе " 112" нөмерлеріне хабарласыңыз.