Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Официальный интернет-ресурс
Кабылбекова Молдир 4 " Ә" сыныбында қазақ тілі пәнінен "Сөз тіркесі" тақырыбында ашық сабақ өтті.

Кабылбекова Молдир 4 " Ә" сыныбында қазақ тілі пәнінен "Сөз тіркесі" тақырыбында ашық сабақ өтті.

Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернатының бастауыш сынып мұғалімі Кабылбекова Молдир 4 " Ә" сыныбында қазақ тілі пәнінен "Сөз тіркесі" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: 4.3.3.1 Оқыған,тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жоспар құрып мазмұндама\тірек сөздерді пайдаланып эссе жазу.

Сабақ барысында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданды.

Бірінші оқушыларды түгелдеп (оқу құралдарын түгелдеу)

ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін нейрожаттығу жасады.

«Қол шатыр» ойыны арқылы өткен тақырыпқа шолу жасады.

«Ой қозғау» әдісі арқылы топтық тапсырма берілді.

Оқылым және айтылым, тыңдалым бойынша

топтаса отырып берілген сызбаларды оқып, әр топ өзіне берілген сызбаға сөз тіркестерін құрастырды.

«Пицца жасау». Пицца бөліктеріне жазылған сызбаны топ басшылары алады , топпен ойласа жауап берді.

Сабақ барысында «Жұмбақ ұяшық» әдісін қолданды. Онда әр топ өздері таңдаған ұяшық ішіндегі сөйлем арасынан сөз тіркестерін тауып, қағазға жазып,топ басшысы қорғап шықты.

Оқушылар интерактивті тақта арқылы "Wordwall.net" платформасында ойын түрінде тапсырмаларды орындады.

«Досыңды тап» әдісі бойынша жұптаса отырып тапсырмаларды жылдам әрі тиянақты жасады.

ҚБ тапсырмасы жабық тапсырма

Балалар ақиқат/жалған кеспе қағаздарын көтере отырып жауап берді. Оны

"learningapps.org" платформасында тексерді.

Кері байланысты (Рефлексия)

«Менің көбелегім» әдісі арқылы берді. Қай оқушыда қай көбелектің түрі көп соны алып шығып, гүлге қондырды.