“Күзгі асар” жәрмеңке
Тәлімгер мен сынып тәрбиешілермен бірлесе отырып Алтын күз мерекесіне арналаған күзгі жәрмеңке 5-9 сыныптар аралығында өтті. Мақсаты: «Арпа бидай ас екен, асыл күміс тас екен» - демекші, Күз уақыты молшылыққа толы болғандықтан күздің берекелі, мерекелі кезін насихаттау. Оқушыларды талғампаздыққа, еңбекқорлыққа баулу, балалардың қызығушылығын арттыру.
Әр сынып әртүрлі тағамдар дайындау.Бұл іс-шараға мектеп директоры Ерғали Серікбаев бастаған мектеп әкімшілігі, мектеп ұжымы, сынып оқушылары, сынып жетекшілер, белсенді қатысты. «Күзгі жәрмеңке» мерекесі жылдағыдан ерекше өтті. Күзгі піскен көкөніс пен жеміс-жидек, қолдан пісірілген тағамдар, өсімдіктерден жасалған әртүрлі мүсіндер мен гүл шоқтары көрменің көркін аша түсті. Көрмеге сынып оқушылары белсене қатысты.