Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Официальный интернет-ресурс
«Қыз бала тәрбиесі: тазалық, күтім және қауіпсіздік» тақырыбында ағарту жиыны өтті

«Қыз бала тәрбиесі: тазалық, күтім және қауіпсіздік» тақырыбында ағарту жиыны өтті

«Қыз бала тәрбиесі: тазалық, күтім және қауіпсіздік» тақырыбында ағарту жиыны өтті

«Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында Ө. Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернатында 5-11 сынып қыз балаларына арналған ағарту жиыны өтті.

Жиынның мақсаты – қыз балалардың өзін-өзі күту мәдениетін, жеке гигиеналық дағдыларын қалыптастыру, қауіпсіздік пен жауапкершілік сезімін арттыру.

Кездесуді Жастар ресурстық орталығының педагог-психолог маманы Маханбетжан Әдемі, сондай-ақ мектеп психологтары Масанова Динара мен Төлегенова Ләззат жүргізді.

Жиын барысында қатысушыларға арнайы тренингтер, пікірталас және психологиялық жаттығулар ұйымдастырылды. Қыздар өз ойларын ашық айтып, өмірлік маңызды кеңестер алды.

Осындай шаралар арқылы оқушылардың тұлғалық дамуына, өзін-өзі бағалауына және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларының қалыптасуына ықпал етілуде.