Қымбатты ұстаздар! Құрметті мектеп түлектері! Қадірлі ата-аналар және кеш қонақтары! «Мектебім – саған мың алғыс!» атты салтанатты жиынға қош келіпсіздер!
Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернатында 2025-2026 оқу жылының басында 1-11 сынып 951 білім алушы және мектепалды даярлық топтарында 44 тәрбиеленуші, барлығы 995 білім алушымен бастасақ, оқу жылының соңын 993, І ауысым 627, ІІ ауысым 317 білім алушы, 45 сынып жиынтығымен аяқтағалы отырмыз. Оның 76-сы бітіруші түлектер.
Оқу жылының қорытындысы бойынша 207 оқушы үздік, 359 екпінді оқушымен аяқтағалы отырмыз.
Негізгі орта білім бойынша 9 сыныптарда 17 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер.
Бітіруші 11 сыныптар бойынша үздік оқып, білім алған 10 түлек «Алтын белгіге» және 13 түлек «Үздік аттестатқа» үміткер болып тіркелді.
Мектепте 57 педагог, 71 педагог-модератор, 31 педагог-сарапшы, 26 педагог-зерттеуші, 1 педагог-шебер біліктілік санатында, 186 педагог жұмыс жасады.
Бүгінгі соңғы қоңырау салтанатында, біз Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернатының 2025-2026 оқу жылында білім саласындағы түрлі байқаулар мен олимпиадалардағы жетістіктері туралы хабарлауды мақтан тұтамыз.
Адам бойындағы ең тамаша нәрсе-білім мен ақыл десек, көптеген ұстаздарымыз бен шәкірттеріміз облыстық және республикалық деңгейдегі сайыстарға қатысып, биік деңгейден көріне білді.
Аудандық кезеңнен 21 оқушы 1 орын, 35 оқушы 2 орын, 24 оқушы 3 орын, облыстық кезеңнен 5 оқушы 1 орын, 5 оқушы 2 орын, 9 оқушы 3 орын, 3 оқушы Мақтау грамотасымен марапатталды.
Ұстаздарымыз да аудандық кезеңнен 6 – 1 орын, 6-2 орын, 2-3 орын, 8-Мақтау грамоталарымен, облыстық кезең бойынша 1- 1 орын, 3-2 орын, 2-3 орынды иеленіп, өзінің кәсіби жоғары деңгейін көрсете білді.
Республика бойынша да меже биігінен көріне білген ұстаздарымыз бен шәкірттерімізді мақтанышпен атай аламыз.
Ө.Жәнібеков лицейінің "Ұшқыр ой алаңы" үйірмесінің қатысушылары республикалық пікірсайыс турнирінде Алғыс хатпен марапатталды. Жетекшісі – Саттарқұлова Жайна, Жақашева Айнұр.
Кәдірбек Балжан республикалық «Педагогикалық идеялар» фестивалінде жүлделі 3 дәрежелі дипломмен марапатталды.
Бауман Сезім – орыс тілі пәнінен республикалық олимпиадада Алғыс хатпен марапатталды. Жетекшісі – Орынбекова Ғалия.
Тұран Фариза – тарих пәнінен Ауыл олимпиадасында Алғыс хатпен марапатталды. Жетекшісі – Қасымбекова Айымкүл.
Мушанов Арман – география пәнінде Ауыл олимпиадасында Алғыс хатпен марапатталды. Жетекшісі – Абишова Клара.
Бектас Мансұр «Алтын түлек» математикалық олимпиадасының республикалық кезеңінде ІІІ орынмен марапатталды. Жетекшісі – Мылтықбаева Арайлым
Құрметті ұстаздар мен оқушылар, біздің оқушыларымыздың білім саласындағы жетістіктері, олардың қажырлы еңбегінің нәтижесі. Бүгінгі күні олар бізді қуанышпен қуантқан пікірсайыс, олимпиадалар мен байқаулардағы жеңістерімен біздің лицейіміздің абыройын асыра білді.
Барша жеңімпаздарымызды құттықтаймыз! Алда үлкен жетістіктер мен шығармашылық табыстар тілейміз!
Алдағы бір үлкен мақсат- ұлттық бірыңғай тестілеуде білім мен ақылдың ұштасқан нәтижесін көру. Бітіруші түлектеріміздің нәтижесі қаңтар айында 65,82, наурыз айында 71,63, мамыр айында 64,89 орта балды көрсетіп отыр. Тестілеу нәтижесі де жоғары деңгейден көрініп, шәкірттеріміз мектеп пен ата-ананың үлкен үмітін ақтап, абырой биігінен көрінеді деген сенімдеміз.
Құрметті жас түлек!
Сіздер үшін бүгінгі соңғы қоңырау үні балдәурен балалығыңыздың артта қалып, жауапкершілігі мол азаматтық биікке көтерілгендігіңіздің ескертпесі сияқты. Сіздердің бойларыңыздан білім мен білік, батылдық табылатынына сенгіміз келеді. Үлкен өмір жолына бастар қадамдарың сәтті болсын! Бәріңе ақ жол тілеймін!
Армандарыңа нық сеніп, алға қадам басыңдар! Ата-ананың, алтын ұя мектептің, елдің мақтанышы болыңдар! Сәттілік тілейміз!
Соңғы қоңырау мерекесін ашық деп жариялаймын!





