Выберите язык

Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Официальный интернет-ресурс

Құрметті Отырар ауданының ұстаздары, оқушылары және ата-аналары, құрметті білім саласының қызметкерлері мен жанашырлары!!!

Құрметті Отырар ауданының ұстаздары, оқушылары және ата-аналары, құрметті білім саласының қызметкерлері мен жанашырлары!!!

Баршаңызды жаңа 2026–2027 оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Жаңа оқу жылы – жаңа мақсаттар мен биік белестерге бастайтын, ізденіс пен білімге ұмтылыстың жаңа кезеңі. Әрбір шәкірт үшін мектеп – арманға қанат бітіретін, білім мен тәрбие тоғысқан қасиетті шаңырақ.

Құрметті ұстаздар!

Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз, шәкіртке деген мейірімдеріңіз бен адал еңбектеріңіз – аудан жетістіктерінің берік негізі. Жаңа оқу жылы баршаңызға жаңа мүмкіндіктер, жарқын жетістіктер мен игі бастамалар әкелсін!

Қымбатты оқушылар!

Алдарыңызға айқын мақсат қойып, білімді, талапты және ел болашағына үлес қосатын азамат болуға ұмтылыңыздар. Жаңа оқу жылы сіздерге жарқын жетістіктер, жаңа жеңістер мен ұмытылмас сәттер сыйласын!

Қадірлі ата-аналар!

Ұрпақ тәрбиесі жолындағы қолдауларыңыз бен сенімдеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Балаларыңыздың әрбір жетістігі сіздерге қуаныш пен мақтаныш әкелсін!

Жаңа оқу жылында білім сапасы биіктеп, шәкірттеріміз республикалық және халықаралық деңгейдегі білім додаларында биік белестерді бағындыра берсін!

Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс, оқуларыңызға сәттілік тілеймін!

Жаңа оқу жылы құтты болсын!

Білім жолындағы әр қадамымыз берекелі, әр жетістігіміз мерейлі болсын!

Ізгі тілекпен,

Отырар ауданының білім бөлімінің басшысы Құдайберген Қайыпбекұлы Шербаев