Құрметті ер азаматтар!
Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл – елін, жерін, туған Отанын қорғауға әрдайым дайын, жүрегінде патриоттық рухы бар азаматтардың мерекесі.
Сіздердің бойларыңыздағы жауапкершілік, қайсарлық пен отансүйгіштік – қоғамның, ұжымның және отбасының берік тірегі болып табылады.
Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бейбіт өмір мен табысты еңбек тілейміз.
Әрдайым ел игілігі үшін жасалған еңбектеріңіз еленіп, абыройларыңыз арта берсін!
Отанымыз аман, еліміз тыныш болсын!
Мерекелеріңіз құтты болсын