"Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей- интернат"КММ 2026- жылдың 27-қаңтар күні 1-сыныптар арасында тақырыптық жоспар бойынша "Көркем
жазу" үйірме жетекшісі: Әуелбек Перизат "Дауысты және дауыссыз дыбыстар" тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының білімдерін жетілдіру.Дауысты және дауыссыз дыбыстарды таныту, оларды бір - бірінен ажырата білуге үйрету, сөз ішінен дауысты және дауыссыз дыбыстарды таба алу дағдыларын қалыптастыру.
Көркем ,таза әрі дұрыс жазу дағдыларын қалыптастыру ,әріп элементтерін дұрыс жазуға және жазу кезінде ұқыптылыққа тәрбиелеу.Өз ойын ауызша және жазбаша жеткізе білу дағдыларын дамыту.





