Түркістан облысы
Отырар ауданы Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернатында 22.01.2024жылы күні химия мұғалімі Жұпарбек Баян Қайсарқызы STEM лабороториялық кабинетте STEM: Болашаққа бағытталған білім беру үдерісі тақырыбында жұмыс жасады.
Қазіргі заманғы технологиялардың жылдам дамуы білім берудің жаңа әдістерін іздеуді талап етеді. STEM - бұл ғылым, технология, инженерия және математика пәндерін біріктіріп, оқушылардың шығармашылық, сын тұрғысынан ойлау және проблемаларды шешу дағдыларын дамыту.
Қорытындылай келе, STEM «концепциясы» технологиялық дамыған әлемге болашақ мамандарды дайындау болып табылады, сондықтан ол бүгіннен басталуды көздейді. Болашақта STEM әдісі оқу үдерісінде кең көлемде жүргізіліп, биік нәтижелерге жететініне сенемін.