Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Официальный интернет-ресурс
Қазан айының 1-ші жұлдызынан бастап «Балдәурен» бастауыш әдіс бірлестігінің «Бастауыш – білім бастауы» тақырыбында айлық іс-шарасы өткізілуде.

Қазан айының 1-ші жұлдызынан бастап «Балдәурен» бастауыш әдіс бірлестігінің «Бастауыш – білім бастауы» тақырыбында айлық іс-шарасы өткізілуде.

Ө. Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернатында қазан айының 1-ші жұлдызынан бастап «Балдәурен» бастауыш әдіс бірлестігінің «Бастауыш – білім бастауы» тақырыбында айлық іс-шарасы өткізілуде. Осы іс-шара негізінде қазан айының 17 –сі күні бастауыш сынып оқушыларынан құралған «Зерде» үйірмесінде, үйірме жетекшісі Жұмаділова Айгүлдің жүргізуімен «Озық ойлы тапқырлар» атты математикалық сайыс сабақ болып өтті. Мақсаты: оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру. Баланың зейінін, есте сақтауын, байқағыштығын, көзбен мөлшерлеуін дамыта отырып, ойын ұшқырлау. Балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұтымды жауап беруге баулу. Міндеттері:

- Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін тереңдету, кеңейту, есептеу дағдыларын жетілдіру;

- Оқушылардың зейінін, ойлау, зерде процестерін дамыту. Қиялын ұштап, қабілеттерін шыңдау, шығармашылық қабілетін дамыту;

- Дидактикалық, логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың ақыл-ой белсенділігін дамыту, ұйымшылдыққа, мәдениеттілікке баулу;

Сайыс топтық сайыс түрінде өтіп, сайыс барысы VІ турдан құралды.

І тур. Таныстыру. Бұл турда «Домбыра», «Қобыз», «Жетіген» деп атау алған топтар өздерін таныстырды, ұрандарын қоса айтты. Әділқазылар алқасы әр топты таныстырылымына қарай 1-ден 5-ке дейінгі ұпай сандарымен бағалады. ІІ тур. Оюлы текемет (Математикалық диктант). Оқушыларға 4 бөлікке бөлінген оюлар мен математикалық диктант жазылған карточкалар тарқатылды. Карточкада көрсетілген есептің жауабы кез-келген оюдың артында жасырылған. Оқушылар есептің жауабын таба отырып, оюлы текеметті құрастырып шығарды. Әр дұрыс жауап үшін 5 ұпай, бірінші болған топқа қосымша 3 ұпай берілді. ІІІ тур.Мергендер сайысы (Мақал-мәтелді жалғастыр). Оқушылар ілулі тұрған шардың біреуін жарып, ішіндегі мақалдың жалғасын тауып айтты! Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан берілді.

3 турды аяқтаған оқушылар сергіту сәтін орындады. Сергіту сәті «Қазақша оюды қимылмен жаса» деп аталды. Экранда қазақша оюдың түрлері көрсетіліп, оқушылар соған сай қимылдар орындады.

ІV тур. Бұрымды қыз. Математикалық оқулар. Топ ішінен бір оқушыға Қазақи тұрғыда жасалынған бұрымды қыздың шашын өру тапсырылды. Ал, қалған оқушылар шаш өріліп біткенше, карточкада көрсетілген сан және әріптің қосындысынан қандай сөздер шығатынын жазып көрсетті. Әр дұрыс жауап үшін 1 ұпай, бірінші біткен топқа қосымша 3 ұпай берілді. V тур. Асық ату (Логикалық сұрақ). Топбасшылар шығып екі айналым асық атты. Әр асықта логикалық сұрақтар жасырылған. Берілген логикалық сұраққа топ басшысы 30 секунд ішінде жауап берді. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай еншіледі. V І. Қорытындылау, марапаттау. Қатысқан 3 топ ішінен ең жоғарғы 48 балл көрсеткішімен «Қобыз» тобы жеңіске жетті. II дәрежелі дипломмен «Домбыра» тобы марапатталып, III дәрежелі дипломды «Жетіген» тобы қанжығасына байлады.