ҚАЗАҚТЫҢ ӨЗ-АҒАСЫ ӨЗ ТҰҒЫРЫНА ШЫҚТЫ…
Қуан, қазақ! Сүйінші жаңалық. Шымкенттегі Байтұрсынов - Ильяев көшесінің қиылысында ұлт қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтың рухына тағзым ретінде еңселі ескерткіші орнатылды. Қаланың қақ төрінде, тұп-тура Өзбекәлі Жәнібеков атындағы мемлекеттік педагогикплық Университетінің іргесінде бой көтерді. Қала әкімдігіне және университет ұжымына, барша шымкенттіктерге мың рахмет!





