«Қазақстанның болашақ жастары»
« 25-қазан Республика күні» мерекесіне орай,
Ө. Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты базасында жерге сурет салу іс-шарасы өтілді. Стрит-арт пен граффитидің тарихын ертеден бастауға болады. Ертеде қабырғаға салынған суреттер мен жазылған жазулар ежелгі Шығыс елдерінде, Грекия мен көне Рим аймағында көптеп кездескен. Ежелгі граффитилер біздің заманымызға дейін 30 мыңжылдықта қалыптасқан деген де ақпараттар бар. Сонау ІІ ғасырдың өзінде антихристиандық «Алексаменос Құдайға табынады» атты граффити сызылған дейді зерттеушілер. Ол уақыттағы граффитилер пиктографиялық және қашалған суреттер күйінде қатты заттар арқылы қашап салынған. «Граффити» сөзінің өзі грек тілінен аударғанда «тырнау, қашау» деген ұғымды білдіреді.