«Ө. Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты» КММ
2026 жылғы 05–30 қаңтар аралығында «Шежіре» тарих, құқық негіздері пәндері әдістемелік бірлестігінің жоспарына сәйкес «Тарих сабақтарындағы ЖИ: жаңа формат, жаңа көзқарас» тақырыбында пәндік айлық іс-шара аясында 9 «В» сыныбында Қазақстан тарихы пәнінен «Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Ашық сабақтың мақсаты:
- Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының себептері мен салдарын анықтау;
- Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызын бағалау, оның тәуелсіздік жолындағы рөлін түсіндіру.
Сабақ барысында заманауи оқыту әдістері, интерактивті тапсырмалар және цифрлық білім беру ресурстары, атап айтқанда LearningApps, Wordwall, Pankquiz, Google Sheets платформалары қолданылды. Топқа бөлу жұмысы Flippity платформасы арқылы жүзеге асырылды. Оқушылар тарихи деректермен жұмыс жасап, өз ойларын дәлелді түрде жеткізді, оқиғаға сыни тұрғыдан баға берді.
Ашық сабақ әдістемелік тұрғыда жоғары деңгейде ұйымдастырылып, пәндік айлықтың мазмұны мен мақсаттарына толық сәйкес өтті. Қойылған мақсаттар толық орындалды.





