Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Официальный интернет-ресурс

«Қауіпсіз орта – ортақ жауапкершілік»

«Қауіпсіз орта – ортақ жауапкершілік»

Буллингтің алдын алу мәдениетін қалыптастыру. Мектебімізде 5 сынып білім алушылар арасында қауіпсіз психологиялық орта қалыптастыру мақсатында «Қауіпсіз орта – ортақ жауапкершілік» тақырыбында түсіндірме және алдын алу жұмыстары жүргізілді.

Мақсатымыз – буллингке жол бермейтін, сенім мен сыйластыққа негізделген мектеп мәдениетін дамыту. Оқушылар ашық пікір алмасып, бір-біріне қолдау көрсету мәдениеті туралы ой бөлісті.Бір-бірімізге құрметпен қарап, қолдау көрсетсек қана шынайы қауіпсіз орта қалыптастыра алатындығы жөнінде айтылды.