Құрметті ата-аналар, оқушылар және әріптестер!
2025 жылдың 3 желтоқсан күні, сағат 10:00-де Түркістан облысында «Қауіпсіз балалық шақ» тұжырымдамасының іске асырылуына арналған онлайн-кездесу өтілді.
Кездесу Түркістан облысы прокурорының орынбасары Д.Б.Тлемисовтың қатысуымен Instagram әлеуметтік желісінде тікелей эфир форматында ұйымдастырылды.
Эфир барысында:
балалардың қауіпсіздігі,
құқықтық сауаттылық,
интернеттегі қауіпсіздік,
зорлық-зомбылықтың алдын алу,
жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу
сияқты өзекті мәселелер талқыланып, оқушылардың сұрақтарына жауап берілді.





