Тақырыбы: «Өңір тарихында Тәуелсіздік шежіресі»
Экскурсияның мақсаты
Оқушыларды өңір тарихындағы Тәуелсіздік жолындағы маңызды оқиғалармен таныстыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу, туған жерге деген құрметті арттыру.
Өлкетану үйірмесіне қатысатын 5 сыныптар оқушыларымен «Өңір тарихында Тәуелсіздік шежіресі» тақырыбында «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық» музейіне мұражайлар мен көрмелерге экскурсия жасадық. Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі – қазақ тарихының алтын қазығы. Бұл музейге саяхат жасау – өткенді тану, Тәуелсіздікті қадірлеу және ұлттық рухты нығайтудың маңызды жолы. Қорытындылай келе, Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі – өткен мен бүгінді жалғайтын қасиетті мекен.
Оқушылар алған білімімізді алдағы уақытта зерттеу жұмыстарында және өлкетану жобаларында пайдалануға дайынбыз.





