Есірткіге жол жоқ: Мектепте ақпан, наурыз айларында маңызды деректі фильм көрсетілді.
"Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей - интернат" КММ-нің 7-11 сынып оқушылары арасында нашақорлықтың алдын алу және жастарды жат әдеттерден сақтандыру мақсатында «Закладчики. Мать», «Хулиганка» деректі фильмі көрсетілген болатын.
Іс-шараның негізгі мақсаты:
Жасөспірімдерге есірткі тасымалдаудың (закладчик) соңы ауыр қылмыстық жауапкершілікке соқтыратынын түсіндіру;
Қате қадамның тек адам өміріне ғана емес, жақындары мен ата-анасына тигізер зардабын көрсету;
Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылды.
Балалар фильмнен алған әсерлерімен бөлісіп, өз пікірлерін білдірді.





