«Емтихан жағдайындағы оқушылардың психологиялық денсаулығы: стрессті төмендету және қолдау көрсету жолдары» тақырыбында психологиялық тренинг өтті.
Тренинг барысында оқушыларға емтихан кезіндегі күйзеліспен күресу әдістері, өзін-өзі реттеу дағдылары және мотивацияны сақтау жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар, релаксациялық жаттығулар жасалып, психологиялық қолдау көрсетілді. Тренинг оқушылардың эмоционалдық тұрақтылығын арттыруға және емтиханға сенімді дайындалуына ықпал етті.