Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Официальный интернет-ресурс
Egov – ЕЛГЕ БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІК.

Egov – ЕЛГЕ БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІК.

Egov – ЕЛГЕ БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІК.

Әр адам үйден шықпай-ақ ұялы телефонмен www.egov.kz сайтына кіре алады. Электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану қиын емес. Интернет арқылы www.egov.kz веб-порталына кіріп қажет қызметті алуға болады. Сондай-ақ, ауыл мектептерінің арнайы бір кабинеті ауыл тұрғындарына арнап egov.кабинеттерін ашқан. Осындай арнайы кабинеттерге келіп, кез-келген азамат және ауыл тұрғындары тәуліктің кез- келген уақытында анықтамаға өтініш бере алады. Бұл «Электрондық үкімет» порталы арқылы азаматтар қашықтан қызмет түрлерін пайдаланып, анықтамалармен мемлекеттік баж салықтарын, коммуналдық төлемдер, бала-бақшаға кезекке қою сынды мемлекеттік қызмет түрлерін алуына болады.

Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама алу жолдары

Басқа жеке тұлғаға соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтаманы беру, мәліметтер сұратылып отырған адамға қатысты нотариалды расталған сенімхаттың негізінде жүзеге асырылады.

Шет елге шығу үшін қағаз нысанда, оның ішінде апостилі бар соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтаманы дайындауға сұрау салуды электронды түрде берген жағдайда, дайын құжаттарды беру көрсетілетін қызметті алушының немесе нотариалды түрде куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің жеке басты куәландыратын құжатының негізінде көрсетілетін қызметті алушының порталда таңдаған Мемлекеттік корпорацияның филиалы арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік корпорация соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтаманың қағаз нысанда 1 айдың ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, кейін оны көрсетілетін қызметті берушіге 2 ай ішінде әрі қарай сақтау үшін береді. Көрсетілетін қызметті алушы 1 ай өткеннен кейін жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 1 жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

Көрсетілетін қызметті алушының арызын және оған қатысты қағаз нысандағы құжаттарды, сондай-ақ оны алу үшін көрсетілетін қызметті алушы 3 ай ішінде келмеген жағдайда қағаз нысандағы соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтаманы көрсетілетін қызметті беруші оларды жеке номенклатуралық іске тігеді (қалыптастырады).

Айдарбек Нұрзила Пердебекқызы

Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернат директорының ақпараттандыру жөніндегі орынбасары.

Қасымова Қаламқас ІТ маман.