Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Официальный интернет-ресурс

«ДосболLIKE: достық қолын ұсын!» республикалық акциясы аясындағы тренинг

«ДосболLIKE: достық қолын ұсын!» республикалық акциясы аясындағы тренинг

Отырар ауданының білім бөлімі және «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының бастамасымен өтіп жатқан «ДосболLIKE: достық қолын ұсын!» республикалық акциясы аясында Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей - интернатының 8 сынып оқушыларымен педагог- психолог Д.Масанова тренинг өткізді.

Тренингтің басты мақсаты –

оқушылар арасында достық, өзара құрмет пен қолдау мәдениетін қалыптастыру;

буллингтің алдын алу;

мектеп ортасында жанжалсыз қарым-қатынас орнату дағдыларын дамыту.

Оқушылар белсенді қатысып, бір-біріне қолдау көрсетудің маңызын түсініп, жағымды атмосферада өз ойларымен бөлісті.