Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Официальный интернет-ресурс

«Әдеп пен әдемілік» тренингі

«Әдеп пен әдемілік» тренингі

Бүгін «Ө. Жәнібеков атындағы №4 лицей–интернатының» 7-сынып қыздарымен «Әдеп пен әдемілік: Ішкі сұлулық – сыртқы көрік бастауы» тақырыбында тәрбиелік әрі мотивациялық тренинг өткізілді.

Тренингті мектептің педагог-психологы Масанова Динара Мейрамбекқызы жүргізді.

Тренинг барысында қыздар:

  • «Әдемілік деген не?» деген маңызды сұраққа өз ойларымен бөлісті;
  • Сыпайы жүріс-тұрыс және өзін сенімді ұстау дағдыларын үйренді;
  • «Әдепті қыздың портреті» топтық жұмысын орындап, талғам, тазалық, сөйлесу әдебі туралы ой қозғады;
  • Дөрекі сөзге сыпайы жауап беру тәсілдерін рөлдік ойын арқылы тәжірибеден өткізді;
  • «Сұлулық құпиясы» рефлексиясында өздерінің жақсы қасиеттерін атап өтті.

Қыздар өте ашық, белсенді, шынайы әдемі болмыстарын көрсетті.