Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Официальный интернет-ресурс

Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ кепілі!

«Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы» тақырыбындағы апталықтың ашылуы өтті.

Аталған іс-шараның басты мақсаты – оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, денсаулықтың маңызын түсіндіру және спортқа деген қызығушылықты арттыру. Апталықтың ашылу салтанатында мектеп әкімшілігі мен ұстаздар қауымы құттықтау сөз сөйлеп, оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Шара барысында түрлі спорттық жарыстар, танымдық сағаттар, дәрістер мен көңілді эстафеталар ұйымдастырылатыны айтылып, апталықтың жоспары таныстырылды. Оқушылар белсенділік танытып, дені сау ұрпақ қалыптастыру жолында бірлесе еңбек етуге дайын екендіктерін көрсетті.

Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ кепілі!