Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Официальный интернет-ресурс

“Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2026 жылдың 7-9 қаңтар күні Алматы қаласы, Сүлеймен Демириль университетінің базасында “Педегогикалық идеялар фестивалі” республикалық конкурсы болып өтті.

Түркістан облысы білім басқармасының “Білім беруді дамыту орталығы” КММ-нің 2025 жылғы 28 қарашадағы 25/7742 кіріс хатына сәйкес Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2026 жылдың 7-9 қаңтар күні Алматы қаласы, Сүлеймен Демириль университетінің базасында “Педегогикалық идеялар фестивалі” республикалық конкурсы болып өтті. Нәтижесінде Ө.Жәнібеков атындағы 4 лицей-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кәдірбек Балжан Қайратқызы жүлделі 3- орынға ие болып Түркістан облысының үмітін ақтады. Фестивалдің негізгі мақсаты: педагогтардың шығармашылық әлеуетін қолдау, кәсіби дамуына ықпал ету және Қазақстан мектептері мен басшылары мен мұғалімдерінің инновациялық педагогикалық тәжірибесін тарату болып табылады. ТEDx форматында өткізілген байқауда білім беру сапасын арттыруға, жаңа буынның білім беру ортасын қалыптастыруға және білім алушылардың әлеуетін дамытуға бағытталған педагогикалық идеясын авторлық тәсілдерін, өз жобасының жаңашылдығын, тиімділігін көрсете біліп нәтижеге жеткен Балжанды құттықтаймыз!