Ө.Жәнібеков атындағы 4 лицей-интернатының бастауыш сынып мұғалімі Пирманова Мөлдір 1"А" сыныбында математика пәнінен "10-ға дейінгі сандарды қосу және азайту" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: бір таңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу кестесін құру,білу және қолдану. Қосудың ауыстырымдылық қасиетін қолдану.
"Сыйқырлы кесте" ойыны арқылы өткен тақырыптарға шолу жасады.
10-ға дейінгі сандарды қосу кестесімен жұмыс жасап,шешімін тапты.
Жұптық жұмыс жасалды.10 және 9 сандарын үш қосылғыштың қосындысы түрінде жазды.
"Көңілді сандар" ойыны арқылы 1 -ден 10-ға дейінгі сандардың құрамын айтты." Жеңімпазды агвқта "ойыны арқылы бос орындарға тиісті сандар мен таңбаларды қойды. Сабақ барысында оқушылар бағаланып отырды. "Киіз үй" әдісі арқылы кері байланыс жасалды.