Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Официальный интернет-ресурс

“Бастауыш - шабыттың бастауы, ізденістің іргетасы, жаңашылдықтың жарқын жолы”атты бастауыш сыныптардағы айлық іс-шарасы аясында

Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернатының педагог-логопед маманы Тұргынбай Айдана “Бастауыш - шабыттың бастауы, ізденістің іргетасы, жаңашылдықтың жарқын жолы”атты бастауыш сыныптардағы айлық іс-шарасы аясында 06.03.2026ж 1ә сынып оқушыларымен “Р дыбысын сөз ортасында машықтандыру”тақырыбында ашық сабақ өтілді.

Сабақтың мақсаты:

  • «Р» дыбысының сөз ортасындағы артикуляциясын бекіту және дұрыс, анық айтуға үйрету.
  • Дыбысты буында және сөз ортасында машықтандыру арқылы сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
  • Тіл бұлшықеттерінің қимылын жетілдіру, дірілді (вибрацияны) тұрақтандыру.
  • Зейінді, есте сақтауды және ойлау қабілетін ойын элементтері арқылы дамыту.

⁠Әдіс-тәсілдер:

1. Артикуляциялық жаттығулар: «Тіл мен ерін гимнастикасы»

Бұл кезеңде «Р» дыбысының дұрыс шығуына қажетті тіл бұлшықеттері дайындалды.

2. Тыныс алу жаттығуы: «Дұрыс тыныс — анық сөз»

Сөйлеу кезіндегі ауа ағынын реттеу мақсатында жүргізілді.

  • Әдісі: «Көбелекті ұшыру» немесе «Футбол» (мақта үрлеу) ойын элементтері.

3. Ұсақ қол моторикасын дамыту: «Саусақтар сөйлейді»

Қолдың ұсақ бұлшықеттері мен сөйлеу орталығының байланысын нығайту.

  • Әдісі: Моншақтармен жұмыс, «Су-джок» терапиясы немесе саусақ ойындары.

4. Әріптер ойыны: «Сиқырлы әріптер әлемі»

Дыбыс пен әріптің байланысын бекіту, фонематикалық талдау жасау.

  • Ойын түрі: «Р әрпін тап», «Кесілген әріптерді құрастыру».

5. Логоритмика: «Қимыл мен дыбыс үндестігі»

Музыка, сөз және қимылды ұштастыру.

  • Әдісі: Өлең жолдарын ырғақпен айта отырып, дене жаттығуларын жасау.