Отырар аудандық полиция бөлімінің 2025 жылғы 20 қаңтардағы №30-1/93/11163 – И ұсыныс хатына сәйкес, Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернатында кәмелетке толмағандар арасында киберқылмыстың алдын алу және қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында бірқатар шаралар ұйымдастырылды. Барлық сыныптарда киберқауіпсіздік тақырыбында дәрістер мен тренингтер өткізілді. Оқушыларға әлеуметтік желілер мен интернет қызметтерін қауіпсіз пайдалану ережелері түсіндіріліп, ата-аналар жиналысында балалардың гаджеттерін бақылау қажеттігі туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, «Ата-ана бақылауы» қосымшасын орнату жөнінде ұсыныстар жасалынды.
Новости
