Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Официальный интернет-ресурс

Балаларды кітап оқуға шақыру және қызығушылықтарын арттыру.

“Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернат” КММ.

2025 жылдың 8 желтоқсанында Садық Нұргүл жетекшілік ететін 1 “В” сынып оқушылары кітапханаға саяхат жасады.

*Мұндағы мақсат:* Балаларды кітап оқуға шақыру және қызығушылықтарын арттыру.

Мектеп кітапханашысы Нұрмаш Гүлбарам апай бүлдіршіндерді жылы жүзбен қарсы алып, түрлі суретті кітаптармен таныстырды. Және балаларға ертегілер оқылып, оны өзара талқылады. Балалар кітапханадан өздері ұнатып жүрген жаңа ертегі кітаптарды тапқанын, бұл жер өте тыныш, жайлы, және тағы да асыға келетінін айтты.