“Бала қауіпсіздігі – қоғам келешегі”
19.03.2025 ж күні Түркістан облысы Отырар ауданы Ө. Жәнібеков атындағы №4 лицей - интернатында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында ата - аналар жиналысы өтті. Жиынның басты мақсаты – құқықбұзушылықтың алдын алу, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ата-аналарға маңызды ақпарат беру.
Күн тәртібінде:
“Бала қауіпсіздігі – қоғам келешегі: құқықбұзушылықтың алдын алу” тақырыбында баяндама – А. Жақашева
“Көктемгі демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері және құқықбұзушылықтың алдын алу” – Отырар аудандық полиция капитаны Д. Ерденова
“Зорлық-зомбылықтың алдын алу” тақырыбында баяндама – Л. Төлегенова
Жиында талқыланған негізгі мәселелер:
Балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау шаралары
Оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу жолдары
Көктемгі демалыс кезінде сақталуы тиіс қауіпсіздік ережелері
Зорлық-зомбылықтың алдын алу, оның алдын алу жолдары мен ата-аналардың жауапкершілігі
Сонымен қатар, ата-аналарға құқықтық кеңестер беріліп, бала тәрбиесіндегі қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аудару қажеттігі айтылды.
Ата-аналарға балаларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша әр сынып жетекші қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, қол қойдырып мектеп пен отбасының бірлескен жұмысы талқыланды.
Оқушылар демалысты пайдалы әрі қауіпсіз өткізу үшін қажетті ақпарат алып, өз сұрақтарына жауап алды.
Қауіпсіздік – баршаға ортақ жауапкершілік! Барлық ата-аналар мен оқушыларды тәртіп пен сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырамыз!